Фариза Оңғарсынова. Қызғаныш

Oinet.kz 10-09-2020 1252

Мен қайтсем екен?

Мынау денем өртеніп, барады ысып.

Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?..

Менен гөрі бақытты-ау әркімдердің

итаяғын жалаған қара күшік.

Сенсіз өмір өмір ме? Құрысын бәрі!

Өлген артық мұнан да дала құшып.

Әлде сенің ызаңнан

қыз біткеннің барлығын қорласам ба?

Шашсам ба екен өмірді оңға-солға?

Бақ құсымды басқадан іздесем бе,

бағыма сен бұлбұл боп қонбасаң да?

Біреулерге бір күндік бақыт болып,

біреулерге қайғы боп орнасам ба?

Мынау қырсық дүние басар ма екен

қисық кеткен аяғын оңға сонда?..

image.png

Фариза Оңғарсынова. Сен қайда жүрсің?
Фариза Оңғарсынова. Айша бибі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу