Қыз туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 1150

Мен жайл ойланасың, білем мұны,

Сеземін, түндерің көп көз ілмеген.

Сен болдың жүрегімнің нәзік мұңы,

Менен өзге ешкімге сезілмеген.


Қарайсың көз саласың өртеп мені,

Махаббат...

Бұл бір ғажап ертек пе еді?!

Бақытым ба, жоқ әлде, сорым ба екен,

Сәби сезім жүректі өрт еткені.


Тыншым кетті, түндерде ұйқым кетті,

Жан-дүниемді келбетің сілкіп өтті.

Тып-тыныш жатыр еді-ау, не болғанын,

Сені көріп жүрегім бір дір етті.


Толғанамын, тебіреніп ой кешемін,

Түсімде де сенімен кездесемін.

Дір етті ғой жүрегім...

Әйтпегенде,

Бір сені іздеп әлемді кезбес едім.

Елес қыздар. Өлең
Тұнық түн алмасып. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу