Елес қыздар. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 907

Мен сендерді балап едім өмірдегі бағма,

Кездесуді күтуші едім,

Алаңдаушы едім сағына.

Кезекпенен...

Мен сендерді кезекпенен сүйіп ем,

Біріншіңді, екіншіңді...

Тағы-тағы, тағы да.


Біріңнен соң мен біріңді бақытыма

баладым,

Бірақ, сендер көп едіңдер...

Әзер-әзер санадым.

Бұл күндері елес қыздар,

Мен сендерді еске алып.,


Шаттық сезіп,

Мұңға батып...

Көп ойланып қаламын.

Мен білмеймін,

Бұл күндері қайта сапар шектіңдер,

Қандай жаннан аттап өтіп,

Қандай жанға жеттіңдер?!

Білем анық,

Ұқтым оны.

Сендер маған бақ емес,

Жүретұғын ақ жолыма сор-тікенек ектіңдер.

Махаббат туралы өлең
Қыз туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу