Махаббат туралы өлең
Көңілімдегі арман-құсымды,
Жүрегімбүгін саған ұшырды.
Сеземісің сен, жаным-ау менің,
Айтлмай жүрген сағынышымды.
Ақ сезіміме таулар бас ұрды,
Көңілімде бір жыр-ән тасыды.
Сеземісің сен, жаным-ау менің,
Айтылмай жүрген махаббатымды.
Сыңғыр даусыңнан, әніңнен сенің,
Барлық дүние тыншып, көз ілді.
Сеземісің сен, жаным-ау менің,
Айтылмай жүрген пәк сезімімді.
Бір қайғы бар ма, көңіліңде сенің,
Көзіңнен неге жас тамад.
Бәрінен қиын екен өмірде,
Айтылмай жүрген махаббат.