Іздедім сені аяулым. Өлең
Сен қайда жүрсің аяулы менің ақ таңым,
Орнағандай боп сезілді маған бақта мұң.
Өзіңді іздеп кең дүниені аралап,
Таппадым бірақ, сүйіктім, сені таппадым.
Сен қайда жүрсің, асылым, менің, жан жарым,
Бір өзің едің өмірлік менің арманым.
Әттең-ай дүние, жастық шақтың буынымен,
Айрылып сенен, қапыда мен қалғаным.
Сен қайда жүрсің, мөлдір жанарың күлімдеп,
Жалт қарағаның жүректі кетті тілімдеп.
Қызықпен өткен оралса қайтып сол күндер,
Жүрер ем сені құшағыма орап, гүлім деп.
Сен қайда жүрсің, бақытым менің, бақ гүлім,
Көңілімдегі қуанышымсың, шаттығым.
енді міне, жалғыз боп қалдм айдында,
Оралсаңш тез, сңарм менің, аққуым.