Тұнық түн алмасып. Өлең
Екі ғашық түн жамылып кездесті,
Кездесті олар...
"Сағындым ғой, мен" десті.
Ыстық құшақ, аймаласқан от-ерін,
Өртеп жатты жұлдыз тұнған сол кешті.
Сыбырлайды, үздігеді, құшады,
Күннен ыстық қос ғашықтың құшағы.
Езіліскен еріндерден ән салып,
Ақ көгершін қанат қағып ұшады.
Бел майысып...
Қара шаштар төгіліп...
Бара жатты бал сезімге көміліп.
Құштарлықтың тойымсызд бір жалыны,
Ашып-жұмған жанарлардан көрініп.