Айтылмаған сыр ма бұл?! Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 876

Айтылмаған сыр ма - бұл,

Жазылмаған жыр ма - бұл:

Жүрегім де бір дабыл,

Қағып жатыр, Ділдәгүл!


Ояттың да сезімді,

Тауыстың да төзімді.

Кете бардың күлімдеп,

Салмай маған көзіңді. 


Айдан сені іздедім,

Үмітімді үзбедім.

Бірақ, жаным, Көңілім,

Сен дегенде - мұз, дедің.


Күлерсің де - жыларсың,

Жыларсың да - шыдарсың

Бақытыңды сен, мүмкін,

Кездестірген шығарсың?!

Тұнық түн алмасып. Өлең
Шашыңнан сипап, аймалап. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу