Шашыңнан сипап, аймалап. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 902

Шашыңнан сипап, аймалап,

Өтер ме едім, құшақтап?

Өзің бар кезде аяулым,

Өмірдің бәрі - тіс аппақ.


Үлбіреген гүл ерніңнен,

Сүйер ме едім бақ сезіп?

Көңілдің бағы - толы арман,

Жүрегім толы - ақ сезім.


Атыңды сенің ән қылып,

Аялап сені өтер ме ем?

Кім білсін, мүмкін жолыңда,

Құрбаның боп та кетер ме ем?


Мұңайып, жылап жүрсем де

Көргенде сені күлер ме ем?

Арналған маған бақытты,

Өзіңе сыйлап жүрер ме ем?!

Айтылмаған сыр ма бұл?! Өлең
Сағыныш туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу