Сағыныш туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 940

Сағыныш деген - адам бойындағы 

Көп сезімдердің бірі ме,

Сағыныш деген - ғашық жандардың,

ақ махаббаттың пірі ме?


Сағыныш деген - асқар таулардан 

биік пе әлде төмен бе?

Сағыныш деген - бұл бір сезімді

қалай өлшейді көп елде.


Сағыныш деген - асу ма, бел ме,

қырат па, әлде белес пе,

Сағыныш деген - көріне ме екен, жоқ

әлде ол бір елес пе?


Сағыныш деген - жайқалып тұрған

шалғын ба, әлде орман ба?

Сағыныш деген - асыл сезімнен

құралып тұрған қорған ба?

Шашыңнан сипап, аймалап. Өлең
Аңсасам сені. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу