Аңсасам сені. Өлең
Аңсасам сені - арманым биік болғаны,
Іздесем сені - жүрекке сезім толғаны.
Сағынсам сені - өзіңді, жаным,
сүйгенім,
Бақтымсың сен аялап өтер қолдағы.
Сұрасам сені -алаңдап, күтіп жүргенім,
Ойласам сені елестер балқып күлгенің,
Үнсіз қадалсам - өзіңді қимай жүргенім,
Қуансам Сен деп, Қуанышым бол сен менің.