Алыпсатар. Өлең
Базар іші,
Ығы-жағы көп халық,
Байқамасаң қалу мүмкін тапталып.
Сонау жылы естіген бір оқиға,
Ой-санамда қалған еді жатталып.
Дүние шіркін, керуендей болып көшеді,
Талай от жанып, маздаған жалын өшеді.
Өмірдің өзін көшіріп кете жаздаған,
Бір алыпсатар
Басына көтеріп жүрді көшені.
Көшеден пайда болмаған соң.
Қалтасы толмаған соң,
Базарға барып жай алды.
Содан соң көңілі жайланды.
Мінезі ашық, жайдарылығы көктемдей,
Қыран жанары кеудеңді тесіп өткендей,
Шомбал жан екен, бір қарағанда жөндем ақ -
Қос жауырыны кетпендей.