Қысқы кеш туралы өлең
Қысқы кеш, аласұрған ақпан іші,
Сол күні ызғардың да қайтқан күші.
Сыныптас-дос, ағайын, ұстаздармен,
Жайнай түсті, өмірім, жайнай түсті.
Ақын аға, отырдың алғы сапта,
Алаулатып жырыңды от-құшақта.
...Кестеңіз тұсауымды өнердегі,
Тәй-тәй басып беттедім болашаққа.
Ақындар жырдан шашу ала келген
Мен едім өнер жолын жаңа көрген.
Сахнаға шықтың да, төгілттің кеп
Сияқты мен бейне дана көрген.
Сөздерің түскен жайдай жаңа көктен,
Гүл ашты көңілімде бала-көктем.
... Сол күннен ойға салмақ түсті-дағы,
Қош айтысты қызықпен - дана-көппен.