Өмірді сүю туралы өлең
Адамдар бұл өмірді сүйіп өткен,
Ал, өмірдің адамға сыйы бөтен.
Қиын дейміз...
Жаралы жүректерді,
Емдеу деген қиынның қиыны екен,
Емделе ме, ол жүрек емделмей ме?!
Дәрігер боп кетеміз біздер кейде,
Диагноз қоюға ұмтыламыз,
Бір сүрініп өмірде, бір тұрамыз.
Адамбыз ғой, әрнені жыр қыламыз.
Емделмесін жүректің білсек-дағы,
Ұмтыламыз,
Емдеуге ұмтыламыз.
Қалған ба екен адамнан пендешілік,
Өзімізді өзіміз алдауменен,
Бәріміз де жүрміз-ау күн кешіріп.
Билеп алған, бұл күнде уақытты мұң.
Ұғын достым, бұл сөздер жақұт шыңым.
Өзге емес, өздерін өзі алдап
Күн кешіргенбірімін бақыттының!!!