Ұстаз туралы өлең

Oinet.kz 10-01-2020 929

Балапандай тәрбиелеп ұшырасыз,

Бірі құлап, бірі сүрінсе қысыласыз.

Биіктерден көрінсе шәкірттерің,

Қуаныштан шаттанып құлпырасыз.


Балалардың болады балалығы,

Ұстазымның еңбегі даналығы.

Тәрбиесін түсінген әрбір шәкірт,

Бұл өмірдің бүгінде дала гүлі.


Ұстаздың еңбегі көп шәкірттерге,

Шәкіртсіз ұстаз болмас бүкіл елде.

Кәусарынан сусындап алған жанға,

Білім бұлағы айналар шалқар көлге.


Ұстаздар білім құйды санамызға,

Біліммен асудан асып барамызда,

Білім шыңына шыққан шәкірттерден,

Ғалымдар бар біздердің арамызда.

Серік ДЕРБІСБАЕВ

Ұстазыма. Өлең
Қош бол, мектебім. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу