Есім хан туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 2942

Есім хан 1598-1628 жылдары қазақ хандығына билік еткен әділ де батыл хан болған. Тарихта қалған "Есім ханның ескі жолы" атты заңнамасы бүкіл қазақ даласына мәшһүр еткен.

Screenshot_5.jpg

Ханның туған жылы белгісіз, тек 1628 жылы өмірден озғаны белгілі. Ол қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген лақапатпен қаған, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Есім Тәуекел ханның інісі болған, хан өмірден озған соң Есім мұрагерлік дәстүрі бойынша таққа отырып, елді 30 жыл билейді.

Есім хан болған жылдары қазақ басында аса қуантарлықтай жылдар болмаған, десе де ол ешқандай қиындыққа мойынсұнбай елді ел ету үшін, жерді кеңейту үшін еңбек етеді. Есім хан өзінің алдындағы Орыс, Қасым хандардың ел ішіне енгізген заңнамаларын қайта, қарап, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, "Есім ханның ескі жолын" жазып шығады.

Есім ханның қай жерлерде жерленгені белгісіз. Есім ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына ауыстырылып, ханның резиденциясы болған. Сондықтан болар, кейбір деректерде оның сол маңдарда жерленгені жазылған.

Өкінішке орай, «Есім ханның ескі жолы» заңнамасының түп-нұсқасы бүгінгі күнге жетпеген. Бірақ та фольклорлық деректерде «Есім ханның ескі жолының» төрт тұғыры болғандығы жазылады. Олар: 1. Хан болсын, ханға лайық заң болсын. 2. Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын, 3. Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын. 4. Би болсын, би түсетін үй болсын.

Шығарма. Мен өмірге ғашықпын
Төле би туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу