Қасым хан туралы шығарма
Қасым хан (1445-1521жж) Әз Жәнібектің ортаншы ұлы болған. Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық отырды. Бірақ Бұрындықтың Қасымға қарағанда халық арасында беделі болмады. Бұрындық тұсында Қасым қолбасшы болған, Бұрындық тақтан кеткеннен кейін орнына Қасым отырды. Қасымхан Керей мен Жәнібек ұстанған саясатты ұстанды соның арқасында беделі артып бүкіл Дешті Қыпшақтың ұлы ханына айналды. Ұазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына бар күшін салды.
Сол уақытта Қазақ елінің аты алыс және жақын елдерге Қасым хан билігі кезінде танылды. Мәселен солтүстікте Сібірменсауда және елшілік байланыс орнатты. Мәскеумен, Моғолстан және Иран елдерімен бейбіт саясат орнатты. Еуропада Қазақ елін осы кезде танып білді. Қасым хан мемлекетте алауыздық болмауы үшін бір қатар заңдар орнатты. Ол заңдар жинағы "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталды. Заңдар жинағы бес тараудан тұрады:
1) Мүлік заңы
2) Әскери заң
3) Қылмыс заңы
4) Елшілік заңы
5) Жұртшылық заңы
Осы заңдардың орындалуының арқасында Қазақ қандығының күш қуаты артып қуатты мемлекетке айналды. Тарихта Қасым басқарған 7жылда Қазақ хандығының атты әскері 300мың ал халық саны 1миллионға жеткен. Қасымхан мен Шайбани әулетінің арасындағы көп жылдық соғыстар арқасында Сырдың жағасындағы қалалар Қазақ хандығына қарады.