Әлем әдебиеті туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 3356

Әлем әдебиеті деген тіркестің астарында қаншама жазушылардың қаншама шығармалары, төл туындылары жатқанын білесіз бе? Шығарма да жазушының баласындай, ол оның ой толғанысы, ішкі айнасы, сұлулығы... Әлем әдебиетін біріктіріп тұрған да осы дүниелер деп білемін.

Znalezione obrazy dla zapytania книги

Әлем әдебиетін жақсы көрмеу мүмкін емес. Олардың әрқайсысын оқыған сайын, әлемге әртүрлі көзұараспен қарағандай боласың. Сол елдің ауасымен тыныстап, сол жазушының көңілімен толғанасың. Әдебиет тұнып-тұрған қазына. Оны тауысу мүмкін емес. Ал әлем әдебиетін тауысу мүлде мүмкін емес. Әрбір туынды дара, әр адам, оның үстіне әр елдің адамы әртүрлі көзқараста болғандықтан, тарих, жер, әлеміміз бөлек болғандықтан олардың ойлауы, толғануы да бірбасқа келеді.

Оларды оқып тамсанбау әсте мүмкін емес. Өмірдің кереметінің сегізіншісі осы туындыларда ма екен деймін. 

Әлем әдебиетін оқып жүрген достарымнан бір байқайтыным бірсарынмен ешуақытта ойламайды, бір шеңбермен шектелмейді. Сөйлеуі де, ойлауы да, толғануы да тым бөлек. Алға қояр мақсатыңа, өмір сүру стиліңе, қалай демалып, қалай жүріп-тұруыңа да осы әдебиет елеулі үлес қосатында. Сондықтан әлеммен бірдей тыныстайық.

Әбілқайыр хан туралы шығарма
Жеті жарғы - қазақтың ең алғаш заңнамасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу