Жеті жарғы - қазақтың ең алғаш заңнамасы
Жеті жарғы Тәуке ханның ойлап тапқан заңдар жинағы. Ол қазақ елінің ең алғашқы заңдар топтамасы болып табылады. Ол - бүгінгі Ата заңның түп негізі, бастауы. "Жеті жарғы" "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолынан" негіз алып, солардың жаңғырған түрі делініп жатады.
Ең әуелде Қасым хан елдегі сот билігін жүргізу үшін белгілі бір ережелердің негізіне сүйенеді. Ол ережелер кейіннен "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталып кетеді. Одан соң билікке келген Есім хан ережелерге өзгерту енгізіп, оларды заманға сай, одан да әділ етіп, толықтырулар мен өзгертулер қоса бастайды. Содан соңынан толыққанды заңдар жүйесі Тәуке ханның төл туындысы "Жеті жарғысы" өмірге келеді.
Бұл заңдар орыс тарихында "Тәуке ханның заңдар жолы" деп аталып кеткен. "Жеті жарғы" заңдар жинағы қазақ даласындағы толықтай ішкі, сыртқы ережелерді қамтыған үздік заңдар жүйесі деп табылған. Және бұл ең ұзақ бекіген заң болып табылады. Ол елді гүлдендіруге, ішкі саясатты орнықтыруға бағытталған заң топтамасы болып саналады. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деп аталып кеткен жиынға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдали би, Қоқым би, Сасық би сияқты ірі, беделді билер қатысқан. Олар осы жарғының жасалуына өз үлестерін қосқан.