Кітапхана туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 2073

Менің кітапханаға деген махаббатым мектепке алғаш келген сәтімнен-ақ басталды. Оған ықпал болған менің алғашқы ұстазым Мария апай. Кітап - білім бұлағы дегенге қосыламын. Кітап оқыған күннен бастап, мен ақылдырақ бола бастағандаймын. Кітап - ең жақсы ұстаз. 

Znalezione obrazy dla zapytania Кітапхана туралы шығарма

Кітапхан сөресіндегі кітаптарды көрсем, бәрін оқып тауысқым келеді. Бір кістап алсам, соны оқып бітіріп, келесі кітапты алып оқығанша асығамын. Кітапқа деген құмарлық барлық балада осы мектеп кезінен басталады деп ойлаймын. Біздің мектептің кітапханасы аса үлкен емес. Алайда іші түрлі кітаптарға толы. Оның ішінде шетел классиктері де, еліміздің жазушылары да, эспос, ән, өлең шумақтары да кездеседі. Мұндағы кітаптардың кейбіріне шаң басқаны әрине өкінішті. Дегенмен мен қазіргі жастардың да кітапқа деген зор ықыласына, ізденісіне сенемін.

Кітапханаға келіп, мұндағы мұғалімдерге барынша кітаптарды жинауға, шаңдарын  сүртуге сынып болып көмектесеміз. Олардың айтуынша кейбір балалар алған кітаптарын ұқыпсыз ұстап, беттерін жыртып әкеледі екен. Әрине, ондай бұзақы балаларға менің де қарным ашады. Мектебіміздің кітапханасына жақсы қарайық. Кітап бар білімнің бұлағы, қайнар көзі. Оны бағалайық.

Кәсіп туралы шығарма
Жұмыс, еңбек туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу