Заң туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 6240

Заң - мемлекет тарапынан бекітілген белгілі бір құқықтар мен міндеттемелер жүйесі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өзінің Ата заңы бар. Ол 9 бөлім 99 баптан тұрады. Ата заң - тәуелсіздігімізді айқындаушы, бізді бір ту астына біріктіріп тұрған күш.

Znalezione obrazy dla zapytania ата заң туралы

Конституция - кез келген мемлекет туралы көптеген мәліметтер мен ең маңызды заңдар қамтылып жазылған құнды қағаз болып табылады. Мемлекет аумағында 30 тамыз күні Конституция күні болып ресми бекітілген, бұл күні бүкіл мемлекеттік қызметкерлер демалыс алуға құқылы. Біздің елдің Ата зыңы әлемдегі ең жас конституциялардың бірі болып саналады. Сондай-ақ біздің конституция жалпы адамзат үшін дұрыс, ең әділ деп табылатын әлемдегі 50 конституциялардың құрамына кіреді екен.

Өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын», - деп жазған. Сондықтан да Тәуелсіздік пен конституция тығыз байланыстағы ел басына біткен екі құндылық.

Алғаш рет Ата заң елімізде 1993 жылы қабылданған болатын. Ал қазіргі қолданыстағы Ата заң 1995 жылы қабылданып, өзгертулер енгізілді.

Ата заң еліміздің дамуына, елдегі ауызбірлікті, татулықты сақтап тұрған дүние. Онымен мақтанып, құрмет тұтуымыз қажет.

Дін туралы шығарма
Түркістан туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу