Алғашқы махаббат туралы
Алғашқы махаббат – сөзбен жеткізуге болмайтын, тек қана "көзбен көріп, ішпен білетін" ерекше сезім. Әрине,барлық адамда алғашқы махаббат болады. Алғашқы махаббат мектеп қабырғасында қалыптасады.
Махаббат – адамның ұлы сезімі. Ол сезім адамға болсын, ол сенім, отанға болсын, халқыңа болсын ерекше сезім.Оны бұзған адам өмірдің бақытын сезіне алмайды.
Махаббат деген бір адамның түріне немесе оның үздік оқығанына байланысты емес, ол адамның тек қана жан дүниесіне ғана байланысты. Сонда барып сенде сүйген адамыңа деген махаббат сезімі пайда болады. Сен ол адамды ең алдымен адам ретінде жақсы көруің керек. Міне, сонда ғана шын әрі адал махаббат болады. Алғашқы махаббатың пайда болғанда бойыңда ерекше сезімдер пайда бола бастайды. Алғашқы махаббатыңнан барынша қашқақтап, ұялып жүресің. Міне,алғашқы махаббат деген осындай кіршіксіз таза сезім.