Ұлттық құндылықтар туралы шығарма. Құндылық - тәрбие ошағы

Oinet.kz 01-01-2020 2065

Алдымен ұлт құндылықтарына нелер жатады? Меніңше бұл сөздің мағынасы терең, өзінде қазаққа тән бар құндылықтарды қамтыған. Қазақ тілі, салт-дәстүрі, ою-өрнектері, дәстүрлі ойындары... бәрі-бәрі кіреді. Бұл құндылықтар әр ұлттың еншісінде бар және ол әр ұлт өкілі үшін айрықша құрметке ие. Тіпті біз тойлайтын мерекелер мен сәлемдесу секілді мәдениеттің өзі құнды саналған. Ұлт құндылығы қашан да қазақ санасында болуы тиіс, сонда ғана біз қазақ атымызды кірлетпеген болушы едік. 

Podobny obraz

Ұлт құндылығы ұлт тәрбиесінен бастау алады,  біз ұрпақтарымызды осы құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге баулығанда ғана біз үшін құнды саналатын бүгінгі тәрбие ертеңге өнеге болып қалмақ.

Құндылықтардың бәрі қайдан пайда болды десеңіз, бұл сан ғасырлар бойы ата-бабамыз саралап, дұрысын қалдырып, бұрысын сызған даналылықтан қалған. Демек ұрпақтан ұрпаққа өсиет болып келе жатқан асыл да қадірлі құндылықтарымыз біз үшін алғы орындарда болып, еш ұмыт қалмауы тиіс деген ойдамын.

Терең мағына мен ұлы ойға ие дана сөздер мен салт-дәстүр сақталып келе жатқанына сан ғасыр болса да, әлі күнге дейін қазақ қазақылығын сақтап келеді. Ешкімге беріспей, тіліміз бен дінімізді сақтап, бүгінгі ұрпаққа біздерге жеткізген дана бабаларымыздың алдында бұл қазынадан да бағалы құдылықтарымыз үшін мәңгілікке қарыздармыз.

Шымкент туралы шығарма. Шырайлы қала
Шығарма. Менің әжем (1, 2, 3, 4, 5, 6 сынып)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу