Шығарма. Өмірдің мәні неде?
Өмірдің мәні өзіңді тануда, өмірден орныңды табуда, өзіңе жақын жанды кездестіріп, бақытты ғұмыр кешуде, білімде, мақсатта, мұратта, арманда, отбасыңның амандығы мен деніңнің саулығында... Өмірдің мәні шексіз, тек сол қарапайым бақыт себептерін көре білуде, түсіне білуде деп ойлаймын.
Ана үшін өмірдің мәні балада деп жатады, баласына жақсы өмір беріп, оқыту, шоқыту. Өмірдің мәні дегенмен де өмірдің әр кезеңінде өзгеріп, бағытын ауыстырып отыратын секілді. Тек осы өмірдің мәнін түсінгенде ғана жанымыз тыныштық тауып, табиғатпен үндестікте өмір сүруге жолдама алатындаймыз.
Өмірдің мәнінің неде екенін түсіну жолында бізге қоршаған ортамыз қатты әсер етеді. Егер жаман жолға түссе, адам баласы өмірдің мәні қызықта, зиянды әдеттерде деп ойлап, шалыс басуы мүмкін, сондықтан да меніңше, орта да, қоғам да маңызды рөлдерді атқарады. Әуелі ата-ана, одан кейін ұстаздары, дос-жарандары баланың өміріне жауапты секілді. Себебі олар баланың ойлау жүйесіне де, психикалық жағдайына да түрткі болады.
Өмірдің мәні өмірдің өзінде...