Шығарма. Менің ұстазым

Oinet.kz 24-12-2019 2438

Менің ұстазым өте керемет адам. Ол өте байыпты, дана, ақылгөй кісі. Оның жанары жылы, жүзінен күлкі кетпейді. Барлық нәрсені орын-орынымен атқарады. Мен өз ұстазымның сабарлығына, байыптылығына қызығып та, қызғанып та қараймын. Менің де менің ұстазым секілді сыйлы тұлға болғым келеді. Иә, менің ұстазым біздің мектеп бойынша сыйлы кісі, құрметті адам. Тіпті осы мектептің бетке тұтар қызметкерлерінің бірі десем де болады.

Podobny obraz

Біздің сыныпта ұста үнемі биік тұқрады. Біз ұстазымызды қатты құрметтейміз, оның айтқан тілін алып, анамыздай жақсы көреміз. Мектепте өтіп жатқан жылдарымыздың біздің ұстазымыздың арқасында кереметтей өтіп жатқанына шынайы қуанамыз. Мектеп бағдарламасының қиындығын да кейде осы кісінің арқасында сезбей де қаламыз. Ол біз үшін ең жақсысын қалайды. Әр оқушысын өз перзентіндей көреді. Өз ісінің маманы десем де болады. Мұғалімімді бұлай мақтауымның себебі, ол расымен де осы мақтаулардың бәріне әбден лайықты. 

Мен ұстазымды жақсы көремін. Бізге жасаған қайырымдылықтары өзінің алдынан екі есе шықса деймін. Ұстазға деген ізгі тілектерім бұл шығармаға сиюы мүмкін емес. Мен бұл кісіге мәңгілік қарыздармын.

Ұстаз туралы шығарма. Ұстаз ұлы тұлға
Менің алғашқы сынып жетекшім туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу