Шығарма. Менің мамандығым

Oinet.kz 23-12-2019 6152

Менің армандаған мамандығым дизайнер. Иә, маған расымен де керемет үй жоспарын жасаған қатты ұнайды. Менің арманымда ғана емес, өмірімде де үйлесімділік басым. Мен үнемі бүкіл заттарды үйлестіріп қоюға, үйлесімді киінуге тырысамын. Дизайнерлік менің болмысыма біткен дарын секілді. Бұл мақтаныш. Үйге туыстарымыз келе қалса болды, менің бөлмеме келіп, менің тағы да не ұйымдастырып қойғанымды бақылаумен болады.

Podobny obraz

Дизайнер көпшіліктің ойынша оңай маман. Мен олай ойламаймын, себебі ол жоғарғы интеллектті, суретшілік қабілеті, жүйрік ойлау қабілетін, тіпті кейде күрделі математиканы, бір кездері әдебиетті де талап ететін мамандық. Мүмкін кейбір жерлерінде асыра сілтеп те тұрған шығармын, дегенмен өз мамандығыма деген сүйіспеншіліктің белгісі деп ойлаймын. Дизайн біздің өмірлігіміздің барлық тұсында, тіпті сіздің көзіңізде. Сіз айналаңызға қарап қандай да бір заттың дизайнына баға бере аласыз. Мына үстел биік, әдемі екен немесе мына шарбақ қисық екен. 

Үй дизайндарымен айналысу, киім дизайнынан ерекше келеді. Киім дизайны тек бір киіммен шектелсе, үй дизайны өзінде бәрін қамтиды. Себебі үй ең алдымен адам жанына жайлы келуі қажет деп есептеймін.

Дизайнер болуды маған ең алдымен анам ұсынған болатын. Және осы үшін анама алғысым шексіз!

Шығарма. Менің болашақ мамандығым
Мен өскенде кім болғым келеді? Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу