Махаббат туралы өлең

Oinet.kz 01-12-2019 1194

Сезімге елтіп, түрі ала бөтен,

Деп ойлаушы едім, тұралап өтем.

Дәлелдеп берді уақыт-емшісі,

Сенсіз де өмір сүре алады екем.


Өкініш өзектен өш алады екен,

Жүрек құрғырың-есалаң екен.

Ұмыту қиын болғаныменен,

Сенсіз де ғұмыр кеше алады екем.

80585367_2847348361981925_8948620419129147392_n.jpg


Менде бар дейсің кімнің шатағы?

Өсекті сырттай сыпсыңдатады.

Аллаға шүкір, енді түсіндім,

Сенсіз де шығып, күнім батады.


Жатамыз расы, тілекте ақсап,

Дінкәлатты ғой дір етпе мақсат.

Өмірде мынау ең өкініштісі,

Кеткенің батты жүрекке дақ сап.


Келмейді өкініп, шектеліп өткім,

Етегіне еніп шекпенді кектің.

Жасырып қайтем, бетіңе айтайын,

Иттің етіненде жек көріп кеттім.


Іштегі сырға сірә дә бекем,

Емеспін жаным, сұрама, көкем.

Бақытсыздықты жасырып,жауып,

Бақытты жандай жүре алады екем.


Шын сүйген адам пірәдар екен,

Қиындығына шыдамақ екен.

Аллаға тәубә, сенсіз де өзім,

Жығылсам,құлап,тұра алады екем.

Сенсіз де өмір сүре алады екем.

Айдар Сейдәзім

Алтын күз. Күз туралы шығарма
Қазақ сатирасы. Түйе хикаясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу