Жаңа жыл туралы шығарма
Жаңа жыл менің ең сүйікті мерекем. Мен жаңа жылды жыл, он екі ай күтемін десем болады. Басқаларын қайдам мен жаңа жылды ерекше ыждаһаттылыөпен күтемін. Жаңа жыл жақындаған сайын күн санап, толқимын да жүремін. Әр жаңа жылда келер жылға жоспар қоямын, сол жоспарларым мен арман-мақсаттарым маған күш беріп, алдыға жетелейтіндей көрінеді. Жаңа жыл ғажайып кез. Жаңа жылда біздің үйден қонақ үзілмейді. Көрші, туған-туыс бірін-бірі құттықтап, келе жатқан жылда жақсылық көп болсын деген ізгі ниеттерін білдіріп жатады.
Жаңа жылдың кереметтерін менің бір шығармама сыйғызып болмас. Ақ жамылған айнала, жасыл шырша, сыйлықтар, отшашулар бәрі, бәрі, бәрі осы бір атаулы күнге тән. Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында барлық адамзат осы жылда болған өміріне қорытынды жасап жатады, келер жылға еш өкінішсіз өту де басты міндеттердің бірі есептелінеді. Әсіресе, егер де біреумен араздығың болса, міндетті түрде кешірім сұрап, жаңа жылға жеңіл кіруің қажет.
Жаңа жыл күні бәрі ерекше көңіл күйде болады. Бәрі де қуанышты. Дастархан толы тәттілер. Себебі жаңа жылды қалай қарсы алсаң, келер жыл да солай өтетін болады екен. Жаңа жыл түні аспанда да ерекше жұлдыздар көп болады. Бәрі де жаңа жылдың жаңа күніне асығып тұрғандай. Бүкіл табиғат қыстың осы бір суық түнінде жаңа жылды қарсы алу үшін оянатындай.