Мағжан Жұмабаев: «Тербетіп ұйықтату — баланы талдырып ұйықтату деген сөз»
Тербетіп ұйықтату — баланы талдырып ұйықтату деген сөз. Тербетіп ұйықтатылған бала ұйықтап жатқан жоқ.
Талып жатыр. Өзіңді бір нәрсеге тас қылып байлап тұрып, ерсіл-қарсыл шайқап-шайқап тербетіп-тербетіп талдырып тастаса, жақсы болар ма? Қазақ әйелі! Балаңда қасың болмаса, тербетпе баланы. Бесік — баланың жататын орны. Естен тандырып, талдыратын орны емес. Осыны ұғыну керек, ұғу керек.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.