Қапан Бадыров. Естелігінен
Мұхаңның (Мұхтар Әуезовтің) көп мінезіне қанықпын, дос, сырлас болдық. "Абай" пьесасын, фильмін сөз еткенде, Керім бейнесі жайлы айтпай кету — күнә мен үшін. Бұл Керім — Шәкерім еді.
Мұхаң өле-өлгенше өкініп өткен, өзегін өртеген образ. "Обал болды, Шәкерім алдында зор күнәм бар" деп өкінетін еді Мұхаң. Батыс-шығыс тарихын, мәдениетін игерген жан-жақты Керім ақын ескілікті, панисламизмді аңсайтын жағымсыз кейіпкер. Абайға деген жақындығын пайдаланатын күншіл, қазақы пендешіліктен аса алмаған жан етіп көрсетілді. Сырты бүтін, іші түтін, бықсық, кертартпа ғып көрсететін едік халыққа.
1994 ж.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды