Мырзабек Дүйсенов. Күнделігінен

Oinet.kz 11-12-2019 1347

Ахмет Жұбанов бізге қазақ музыка өнері тарихынан арнаулы курстан лекция оқитын-ды. Ахмет Жұбанов — орта бойлыдан аласалау, қою, қайратты бұйра шашына ұрланып ақ ене бастаған, ақырын сөйлейтін кісі. 

image.png

Лекция арасында өз басынан кешкен жайларын да қосып отырады. Бір сөзінде ол:

— Абайдың әкесі Құнанбай бір көзі соқыр болған екен. Ешкім ол кісінің алдында "соқыр" деген сөзді айтпайды екен. Абайсызда айтып қалған кісі айып тартып, не жазаланады екен, — деп Ахаң сәл үнсіз тұрып, жымиып күліп қойды. — Соны естіді ме екен, әлде өзінше сыйлағаны ма, ана жылы оркестрде дирижер болып жүргенде бір күйші жігітім: "Аха, Ешанды тартайық, Ешанды" — деді. Күйдің аты "Соқыр Ешан" ғой. Соның алдыңғы сөзін менің көңіліме келіп қалады деп айтпай тұрғаны. "Ешанды" дегеніңді, шырағым, ешкім түсінбейді. "Соқыр Ешан" деп өз атын толық атай бер, — дедім. Жігіт ыңғайсызданып қалды.

Ахаң тағы да сәл аялдап, әңгімесін жалғай түсті.

— Бала кезімде ойнап отырсақ керек, бір қыз көзіме қайшы тығып алғаны. Содан мына көзім жарым болып қалды, — деді ақырын ғана...

20.10.1946 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Әзілхан Нұршайықов. Соғыста жазған күнделігі
Қабдеш Жұмаділов: «Радио мен тележурналистер қате сөйлейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу