Бексұлтан Нұржекеев. Естелігінен

Oinet.kz 11-12-2019 1208

Адам үшiн мүшел жас қауiптi деген рас болса керек, Оралхан Бөкей мүшел жасында дүниеден озды. Елу жасын 1994-жылы елiне барып тойладық. Әрi асын бергендей аза тұттық. "Жетi жетiмi" — жетi досы бардық. Шерхан ағасы мен Қалихан көкесi ортамызда болды. Ол сапарға мен "Жалын" баспасы сол қыста ғана алған су жаңа "Раф" мәшинесiмен шықтым. Тобымызбен бiрге отырып, әнгiме-дүкен құрып баруға қолайлы болды. Қасымызға бiр-екi жеңiл мәшине мiнген iнiлерiмiз iлестi.

image.png

Елiн, жерiн көрген соң, көкейiмiзден басқаша, таудың асқақ табиғаты мен орманның қиялшыл кейпi сомдаған Оралхан кетпей қойды. Оның мiнезi туған жерiне тартқан екен. Қатонқарағайдың қалың орманы мен Бұқтырманың асау ағысы, Рахман қайнарының тау үстiндегi сұлу да тәкаппар бейнесi, Шыңғыстайдың шыныдай шырт-шырт сына жаздап тұрған таза ауасы Оралханның бойында бiздiң де үлесiмiз бар дегендi бар болмысымен бiлдiрiп тұрғандай едi.

1993-жылы Оралханның Үндiстанға бара жатқанын Серiк Әбдiрайымiптiң үйiнде қонақта отырғанда өз аузынан кездейсоқ естiдiм. Соңғы рет дәмдес болып отыр екенбiз. Тәкаппарлау, менмендеу көрiнетiн, сол көрiнiсi өзiне жарасып тұратын, ал шын мәнiнде адамды сүйiп, адамды ұнатуда еш тәкаппарлық пен менмендiгi жоқ Оралханның орны бiз үшiн әрқашан бөлек, өйткенi бiз көзкөргендермiз.

Бұл Оралханның соңғы суреті. Үндістан жеріндегі Тәж-Махал ғимаратының алдында. Оралхан Бөкей — 1993 жылы Үндістанның Дели қаласында өмірден өтті.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қасым Аманжолов. Күнделігінен
Бауыржан Момышұлы. Хат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу