Хабиба Елебекова ән туралы

Oinet.kz 09-12-2019 1374

Мағжанның "Сен сұлуының" Мағжанның өзі шығарған әуенін ешкім білмейді. Оны осыдан 40 жыл бұрын Әбікен Хасенов Жүсекеңе (Жүсіпбек Елебековке) үйреткен. Оны Дәлилә әпкем де айтушы еді, содан менің де миымда қалып қойыпты. Осындай қазақтың ел білмейтін, ескі әндерінің әлі менде бірнешеуі бар. Бала кезімізде әнді көп естідік.

Картинки по запросу хабиба елебекова

Абайдың "Сегіз аяғының" әні менің бала күнімде басқаша айтылатын. Қазір орындалып жүрген нұсқасы — Шәкәрімнің "Ең қызық жастық" өлеңінің әні. Қазіргі "Сегіз аяқ" әнін ызаланып айтуға болады, ал бала күнімде естіген әнінде мұң бар, ойлану бар.

25 желтоқсан, 2010 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Түрколог Василий Радлов жайлы
Жұмабек Тәшеновтың жарының естелігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу