Мен - жындымын

Oinet.kz 29-10-2019 2391

1457717721141137604.png

Миллионер жазушының әйелі боламын деген үміттен біржола күдер үзген соң, қатын бейбақ амалсыз көше қиылысында қашып-пысып  жасайтын сақ-түйек саудаға көшкен. Мойнында есейген сайын бабы өсіп  отырла мен жарты ми, мүгедек бай бар, қайтып  қарап отырсын. Көтерме базардан шекілдеуік, жиде, құрт, темекі сияқты бәкін-шүкін алып, көшенің бұрыш-бұрышында бұғырп жүріп саудалайды. «Әр машайыққа – бір ібіліс» дегендей, олардың милиция деген қызыл көз тажалы бар. Басқа қылмыстың тұқымын тұздай құртып бітіргендей, қатын-қалаштың дорбасына жабысып, бақыртып қуып жүргендері. Бірде: «Бәрін милиция тартып алды, заттарымды да, ақшамды да!» деп көзі добығып, сүлдерін әзер сүйреп келеді.

-      Үкімет пен партияға рахмат! – дедім шынымен көңілім толып. Әлденеге риза болғанда әке-шешем байғұс үнемі осылай деп шүкршілік айтып отыратын, қанға сіңді әдетпен сол сөз менің де аузыма түсіп кетті.

Қайдағы партияны айтып отырсың, ләу-ләу! – Әйелім аузындағы шайын бүркіп Жіберердей мырс етті.  – Оныңның сүйегі қурап қалғалы қашан!

Мен қолымды сіліктім:

-      Бәрібір сол партия емес пе!.. Бәрін айт та бірін айт, бізге жетер ешкім

Жоқ, бәйбіше! – деймін ескі орындауға сықырлата шалқайып.

-      Өйдейт деген!

-      Шын айтам... Кедей болған қандай жақсы! Әйтпесе өстіп қуанар ма едік? Бір тойсақ та қуанамыз, троллейбуста билетсіз жүріп ұсталып қалмасақ та қуанамыз... Қаптаған қуаныш!

Байлар мұндай қуаныштың бірін де білмейді ғой. Сондықтан ол пақырлар бай болған сайын бақытсыз! Әйелім маңдайындағы қатпарланған әжімнің жігіндегі мөлт-мөлт тізілген терді алжапқышының етегімен сүртіп жатып, бетіме жалт қарайды да үндемейді. Ләм дегенмен күрсінген мұңлы жүзінен: «Құдай жынды ғып қойған соң не дауа. Есі дұрыс адам осыны айтар ма еді!» деген күйзелісті хұсни хаттай оқып тұрмын.

«Мен жындымын» кітабынан

Ілияс Жансүгіров жазған жұмбақтар
Ерлі-зайыптылар үшін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу