15 қабырғасы сынып, кеудесі зақымдалған: Перзентханада қайтыс болған ананың ақиқаты қайсы?
Өскемендегі перзентханада "белгісіз" жағдайда қайтыс болған ана мен баланың жақындары әділдік іздеп жүр. Ал перинаталдық орталықтардағы дәрігер әлі күнге жұмыс істеп жүр, есесіне тергеу жұмыстары тоқтатылған, деп хабарлайды Oınet.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қанат Мержақыпов тоғыз ай бойы дәрігерлердің салғырттығынан әйелі мен баласынан айырылғанын дәлелдей алмай жүр. Ол барлық көрсеткіштер бойынша кесарь тілігімен босану керек болғанын, бірақ дәрігерлер оны бірнеше күн бойы ұстап, өз бетімен босануға мәжбүрлегенін айтады.
"Нәресте анасынан шыға береде қысылып қалған, жатыр 4 сантиметрге дейін ашылған. Медбикелер мен дәрігерлер бір-бірімен сөйлесіп, "жарайды, қазір мен баланы қайта салып, солай жібереміз" деді", – дейді куәгер, марқұмның немере ағасы Әсел Иманқұлова.
Екі сараптама жүргізілді. Жансақтау кезінде әйелдің 15 қабырғасы сынып мен кеудесіне зақым келген сонымен қатар дәрігерлерде қабылдау картасы мен бейнебақылау камераларының жазбалары да болмаған. Қорытындыда олар өлім себебіне мүлдем басқа нәрсе жазған.
Жалғыз қалған ер адам тағы бір тәуелсіз сараптама жүргізуге шешім қабылдаға. Ол дәрігерлердің түрмеге тоғытылғанын емес, оларға медициналық ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салынғанын қалайды. Ал перзентханаға айыппұл салынды.
"Бір жағдай болса басқа әңгіме, әйелімнен бұрын, әйелімнен кейін де өлім болған", – дейді Қанат Мержақыпов.
Полиция іс қайта қозғалғанын айтты. Алайда сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді. Перзентхананың өзінде дәрігерлер жазаланды дейді. Олар қызметтен төмендетілді.
"Ешқандай жұмыстан қысқартулар болған жоқ, өйткені кадр жетіспейді, сондықтан олар тиісті жазасын алды. 15 қабырға туралы білмеймін, сараптама хаттамасының өзін көрген жоқпын. Сапалы түрде жүргізілген реанимацияда қабырғалар немесе кеудеге зақым келуі мүмкін", – деп түсіндірді облыстық ана мен бала орталығының босану қызметінің қызметкері Серікбол Құрқымбаев.
Марқұм Айжанның артында екі баласы қалды. Үлкен қызы кәсіби түрде еркін күреспен айналысады. Қазір Бахрейнде Азия чемпионатында ел намысын қорғап жүр. Ал кенже ұлы саналы түрде дәрігер болатынын шешкен.
"Дәрігер болғысы келеді, анасы сияқты, басқа аналарды ешкім өлтіріп қоймайтындай. Балалар көз алдыңызда өсіп жатқанын сөзбен жеткізе алмайды екенсің", – дейді ұлы туралы Қанат Мержақыпов.