ШҚО-дағы ауылда жұмбақ шұңқыр пайда болды
28-10-2021
Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты,
Дөңгелек екі басы ай сияқты.
Төрт есік, мәткесі бар, уығы жоқ,
Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,
Құс төсек, мамық жастық, біреу жатыр
Көңілі уайымсыз, жай сияқты.
/Бесік/
Аяғы жоқ, Қолы жоқ,
Көйлегі көк, Қарны тоқ.
/Жастық/
Алыста бір қара тұр көресің бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Сүйегі ішіндегі бақша-бақша,
Бар екен жалғыз көзі денесінде.
/Киіз үй/
Бір шұқырда,
Мың шұқыр.
/Оймақ көз/
Қара сиырым қарап тұр,
қызыл сиырым жалап тұр.
/Қазан мен от/
Айдалада ақ отау,
аузы-мұрны жоқ отау
/Жұмыртқа/
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса,
Тағы да бір мінезі таңғажайып,
Еш уақыт сөйлемеді адам жоқта.
/Домбыра/
Сақалы бар,
Ақылы жоқ.
/Ешкі/
Ізі бар адымы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Хайуанға екі аяғын арта салып,
Салады әуезіне баяғының.
/Арба/
дереккөз: aikyn.kz