Жоқ болып, қайта пайда болатын жолаушы шофердің зәре-құтын қашырды
Мен бір қорқынышты әңгіме айтайын.
Қыстың қысқа күні. Ең соңғы автобусқа бір кісі кіріп келіп ең артқы орындыққа отырыпты. Шопыр жүріп келе жатып айнадан артына қараса әлгі кісі жоқ екен. Сасқалақтап тормозды басып қалып, артына бұрылып қараса әлгі адам өз орнында отыр екен. Қайтадан біраз жүріп айнаға қараса әлгі адам жоқ. Шопыр тағы сасқалақтап тормозын басып қалып артына қараса әлгі адам өз орнында отыр екен.
Сосын қайтадан біраз жылдамдықпен жүріп келе жатып айнаға қараса әлгі адам жоқ болған соң тормозды қаттырақ басып қалып артына бұрылып
қараса шашы үрпиіп, бет-аузы қан жоса болған бір адам шопырдың жанына ақырын басып жақындап келіп:
«Сенің менде қандай бір кегің барма еді. Бәтіңкемнің бауын байлай қояйын деп еңкейе берсем болды тормозыңды басып кеп қаласың» деп айқай салып бақырыпты.
Амантай Тойшыбайұлы