Абай Құнанбайұлы. Адам — бiр боқ көтерген боқтың қабы
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі—ол баяғы.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бiр қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!