Абай Құнанбайұлы. Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас

Oinet.kz 28-08-2019 1740

kofe-kniga-roza-6027.jpg

Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.


Достық, қастық, бар қызық — жүрек ісі,

Ар, ұяттың бір ақыл — күзетшісі.

Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,

Арын, алқын — бұл күннің мәртебесі.


Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,

От азайса, әр істің бәрі тайғақ.

Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,

Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.

Абай Құнанбайұлы. Жастықтың оты, қайдасың
Абай Құнанбайұлы. Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу