Ағаштарға қамқорлық

Oinet.kz 01-07-2019 1288

Тақырыбы: Ағаштарға қамқорлық

 Мақсаты: Табиғаттағы тіршілік, көктемгі ағаштар туралы білімдерін кеңейту. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, тілін сөздік қорын молайту. Табиғаттың әсемділігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.

 Шаттық шеңбері: Табиғат. Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған Т: — Қандай тіршілік иелерін білеміз? Б: — Сен көлсің. Сен күнсің, сен бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған, сен жерсің, сен гүлсің, сен анамсың, сен сусың, сен құссың, сен шөпсің, сен бұлақсы… Бәрі менің өмірім, Т: — бәрі бізді өмірге ынтықтырған. 1. Көктемнің ерекшелігін айту Әуен ойналады, (құстардың шуы) Жұмбақ шешу Күн жылынса киінді, Суытса шешті киімді. (Ағаш) Д\О: «Әдемі гүлдер» М.Мақатаев ағамыз «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымызды айыр бастайын» деп жырлап өткендей, ағаштарда жаны бар тіршілік иесі. Осы ағаштарды адамдар достық пен туысқандық сезім ретінде байланыстырған. Бүгінде биофизика ғылымдары дәлелдеді. Сондықтан мамандар бүкіл дүние бусанып, жасыл тіршілік оянатын көктем кезінде жиі-жиі орман тоғайға аралауға кеңес береді. сізді жұпар аңқыған иісінен-ақ емдейді. Ағаштарда адамдар сияқты көктемде күш қуатқа кенеледі. 

Ағаштан жағымды энергияны қалай сіңіріп алуға болады? Ең бастысы ағашты дұрыс таңдай білу керек. Жеке алшақ тұрған ағаштардың энергиясы күшті болатыны анықталған. Қисық өскен бұтағы майысқан, солған, қураған ағашқа жолай көрмеңіз. Оқтай түзу сау ағашты таңдаңыз жөн. Дидактикалық ойын: «Сен білесің бе?» 1 бала: Үйеңкінің биоалаңы өте күшті, сондықтан кез-келген адам үйеңкіні батыл құшақтай алады. Қарағайды үй салғанда құрлыс заттары ретінде қолданамыз. Әр түрлі жиһаздар жасайды, отын қылып жағады. Табиғатқа көрік береміз. 2 бала: Қайың жұрттың бәріне көмектесе бермейді, өзін еркелететін жақсы көретін жандарға көмектеседі. Ақ қайың ақ ару ежелден нәзік жандылардың символы. Әйелдерге көп көмектеседі.Қайың шырынын ішу денсаулыққа өте пайдалы саналады. 3 бала: Көктерек – адам бойынан жаман энергияны жұлып алуда таптырмайтын ең күшті ағаш саналады.

 Ол үшін ағашқа арқаңызды тіреп, 15 минуттай тұрғаныңыз дұрыс. 4 бала: Шетен ағашы әлсіз саналғаны мен ол адамға едәуір көмектеседі. Халық арасында қылтанақты, тікенді ағаш адам денсаулығына көмектеседі деген сенім бар. 5 бала: Емен мен қайың қан қысымын төмендетеді. Сондықтан (гипертониямен) ауыратын адамдар осы ағашқа жақын жүргені жөн екен. Тақпақтар: Бақшамызда көп ағаш Өскен жақсы аралар Ең әдемі меніңше Құс ұясы бар ағаш Аппақ қайың қарағай Қосылыпты табысып Сұлу тереке, жасыл желек Құшақтасып қабысып Қарағайым, жұпар майың Жібек жолмен аңқиды. Егістікті көлемді Қоршай ектік еменді Ескен желден егінді. Қорғап тұрар ол енді.

 Гүлназ: Көше бойы аралас Қаптап өскен қара ағаш Жемісі жоқ болса да Саясы көп дара ағаш. Гүлзар бақта мекені Көрген кезде жөкені Елтіп жұпар иісіне Ара қаптап кетеді. Т: Иә балалар біздің болжамдарымыз, мақал-мәтелдеріміз осыны дәлелдегендей. Балалар табиғат, ағашқа байланысты мәтелдерді кім біледі? Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?» Бір тал кессең – он тал ек. Адам көркі шүберек. Ағаш көркі жапырақ. Доссыз адам – жапырақсыз ағашпен тең. Ағашы аласа болса да Алмасы тамаша Мәуелі ағаш майысқақ Болжамдар: Қайыңнан аққан шырын көп болса, жаз жаңбырлы болады. Сергіту сәті: Ағаштар міне Мұныңда үні ш, ш, ш Кейде жұмсақ, кейде шу, шу

 2 Кейде дауыл гу де гу Д\О: «Қай ағаштың жапырағы?» Балалар ағаш өсіру үшін не қажет екен? Ағаш Су топырақ күн Слайд: Ағаштан істелген заттардың пайдасы ұшаң теңіз екен. Кәне балалар соны тамашалайық. Д\О: «Табиғат кереметтері» Табиғат бөліктері салынған үлестірмелі суреттерді таңдап алып солардың атынан сөйлеп, не істей алатынын айту. (Күн, бұлт, жұлдыз, құс.) Хор: Тентек бала болмаймыз Табиғатты қорғаймыз. Қ/О: «Ағаштар» Ойынның шарты: Балар бір-бір ағаштың атын иемденеді. Мен орманға барып ағаштардың бірнеше түрін көрдім, қайың жоқ шырша бар… Көрініс: Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Алма ағаштары» әңгімесінен көрініс тамашалаңыздар. (Балалар көрініс қояды.) Тәрбиеші: Қысқасы ағаштар бізді қоршаған аяналамыз сияқты ғарыштан үздіксіз энергия аулайды. Оны бойына сіңіреді. Өзінде сақтайды. Оңашада сөйлескенде биоэнергетикалық алмасулар жүреді. Бұл кезде ағаш тек ғарыш пен адам арасында қызмет атқарады. Ал енді осы алма ағаштың жемісі мына алмаларды балалар сендерге сыйға береміз. 

Тосын сый: Алма. Сабақ аяқталды сау болыңыздар!

Ойыншықтар сыры (ашық сабақ)
Кірпі тіршілігімен таныстыру (ашық сабақ)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу