Қуырмаш
Кел ойнайық балақан
Бүкті міне алақан
Он саусағы түйісті
Басын қосып үйісті
Ортан қолым бір белес
Артқы жағы ергелес
Шумақтарым жұп-жұмыр
Жұдырығым жұп-жұмыр
Қ-сы:
Қуыр-қуыр қуырмаш
Балақанға бидай шаш
Ай-ай балақан
Жамандықтан қаш
2.
Қане санап шығайық
Екі қолды алайық
Алайық бас бармақты
Сұқ саусағың салмақты
Тапшы оң мен солыңды
Тапшы ортаң қолыңды
Тапсаң ұнай қаласың
Олжалы боп қаласың