Жұмбақтар жауабымен
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
***
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
***
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
***
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
***
Сырты жасыл қатты Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
***
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
***
Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)
***
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)
***
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
***
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
***
Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***
Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)
***
Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
***
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары.
(жапырақтар)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
***
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
***
Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі. (қарындаш)
***
Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы.
(мектеп)
***
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды. Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
***
Бейбітшілік құсы деп, Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
***
Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
***
Қолы бар, Саусағы жоқ. Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
***
Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
***
Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша.
(таба нан)
***
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
***
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал,
Ол не балалар?
(аралар)
***
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…
(сағат)
***
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)
***
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
***
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
***
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)
***
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
***
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)
***
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
***
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)
***
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды,
Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)
***
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)
***
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)
***
Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге.
(ай)
***
Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)
***
Екі басты айдаһар,
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп,
Қағазды жеп қояды.
(қайшы)
***
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)
***
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)
***
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
***
Белі бүкір, Алысқа түкір.
(мылтық)
***
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)
***
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)
***
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
(шар)
***
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе
(айна)
***
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
***
Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)
***
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?
(әліппе)
***
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)
***
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)
***
Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……
(арыстан)
***
Өзінше ноян Қорқақ кім?
(қоян)
***
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)
***
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)
***
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)
***
Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)
***
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)
***
Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
***
Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
***
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(ешкі)
***
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)
***
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)
***
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар.
(сиыр)
***
Аспанда жүзеді,
қанатын қақпайды жерде де жүреді,
бауырлап жатпайды
(ұшақ)
***
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)
***
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не,ал кім біледі?
(троллейбус)