«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
ШАПАЛАҚ
«Кімде-кім жәннаттан үмітті болса, пайдалы сөз айтсын немесе үндемесін».
Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбарымыздың осы бір қасиетті хадисін көкірегіне тоқып өскен бір мұсылман баласы қайда барса да тымпиып, тым-тырс отырады екен.
Әкесі: -Балам жұмған аузын ашпайды, ауру емес пе? –деп емшіге көрсетіпті.
Емші әрі-бері қарап: -Ұлыңыздың іші пысып , әбден зеріккен. Далаға қыдыртыңыз, бау-бақшаға серуеңдетңіңіз, сергітініз.
Баласын жетектеп, орман-тоғайды аралап, сейілдеп қоймапты. Әкесі тотықұсты ұстап алып, торға салып жатса: -Әй, құсым-ай, байғұсым-ай! Үндемегенде торға түсіп сорламайтын ең!-дейді баласы. Сонда әкесі жалт қарап: -Әй, сен сөйлейді екеңсің ғой. Мені неге мұнша әбігерге саласың?- деп шапалақпен тартып жіберсе, баласы басын шайқап: -Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанда , шапалақ жемес едім!-деген – екен. ДҮРЕ Баяғыда бір өнерпаз жігіт он қадам жерден жіп лақтырып, иененің көзінен өткізеді екен. Патша сол жігітті алдырып: -Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті?-деп сұрайды. Қошемет дәметіп тұрған жігіт: -Жиырма жылым кетті,-дейді масайрап. -Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар!-депті патша нөкерлеріне. -Жазығым не?-дейді өнерпаз жігіт үрейленіп. -Алла тағаланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиырма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін!-депті ашулы патша. Ел аузынан жазып алған.
Көпен Әмірбек.