Үйшік (орыс халық ертегісі)

Oinet.kz 30-06-2019 1477

teremok.jpg

тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю жайлы ертегі

 Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? 

— Мен, шиқылдауық тышқанмын. 

— Ал мен, бақылдаған бақамын. — Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? — Мен, шиқылдауық тышқанмын. — Мен,..бақылдаған бақамын. — Ал сен кімсің? — Мен, секеңдеген қоянмын.

 — Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? — Мен, шиқылдауық тышқанмын. — Мен, бақылдаған бақамын.

 — Мен, секеңдеген қоянмын. — Ал сен кімсің? — Мен түлкішек-әпкемін. — Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болады. Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? — Мен, шиқылдауық тышқанмын. — Мен, бақылдаған бақамын. — Мен, секеңдеген қоянмын. — Мен, түлкішек-әпкемін. — Ал сен кімсің? — Мен, сұр қасқырмын. — Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. 

Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? — Мен, шиқылдауық тышқанмын. — Мен, бақылдаған бақамын. — Мен, секеңдеген қоянмын. — Мен, түлкішек-әпкемін. — Мен, сұр қасқырмын. — Ал сен кімсің? — Мен, қорбаңдаған аюмын. — Кел, бізге! Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды. — Мен, шатырда тұрайын.

 — Бізді басып қаласың. — Жоқ, қорықпаңдар. — Жарайды, шық. Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады. Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

Ара мен Шегіртке (ертегі)
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу