Қасқырша ұлыған әке
15-07-2022
Екі қасқыр — арлан мен қаншық әңгімелесіп отырады.
Сенің тіршілігің қиын, — дейді қаншық арланға.
Неге? — деп оған арлан қасқыр таң қала қарайды.
Өмір бойы бұта-бұтаға тығылып, адамдардан жасырынып жүресің.
Ы-ы-м… — деп арлан қасқыр мыңқ етеді, — сен де адамдардан тығылып жүресің ғой…
Жоқ, мен қай жерде жүргім келсе, сол жерде жүремін, мені ешкім көрмейді.
Айтасың-ау, қаншығым, — деп бұған қасқыр келісе қоймайды.
— Сені қалай көріп қалса, мені де солай көреді!
Сенесің бе, сенбейсің бе, өзің біл, — дейді қаншық қасқыр, — ал мен саған шындықты айтып тұрмын! Арлан қасқыр басын шайқап-шайқап қояды:
Олай болса, мұны тексерейік.
Мен бұтаның арасына тығылып жатайын, сен алаңқайға шық.
Көреміз сонда, адамдар сені байқар ма екен, байқамас па екен?
-Жарайды, көрсек көрейік! — деп қаншық қасқыр келіседі.
Қасқыр бұта арасында жасырынып жатады, қаншық қасқыр ашық далалыққа шығады.
Алыста егіншілер жер жыртып жүр екен, қаншықты көрген бойда бәрі бірден:
Қасқыр, қасқыр! Ұр, бәлемді! -жаппай айқайлап, шулап қоя береді.
Бұта арасында жатқан арлан қасқыр адамдардың дауысын естіп, қорыққанынан орманға қарай қаша жөнеледі.
Қашып келе жатып: «Далалыққа шыққан қаншық қасқыр ғой, оған ештеңе де болған жоқ, ал бұтаның арасында жатқан мені көріп қойды» деп ойлайды.
Оны қаншық қасқыр қуып жетеді. Қалай екен?
Олар «Қаншық, қаншық!» деп айқайлады ма? «Қасқыр, қасқыр!» деп сенің атыңды айтты ғой!
Сонда алқына дем алып отырған арлан қасқыр:
Сенің айтқаның рас екен.
Өз көзіммен көрмеген соң, сенбеп едім, — депті.