Биыл ҰБТ қалай өтеді?
31-03-2021
Бір күні сауысқан өзінің балапандарына былай депті: Балаларым менің, сендер өсіп, ержеттіңдер, енді өз тамақтарыңды өздерің тауып жеп, өз беттеріңше өмір сүретін уақыт келді. Осылай дейді де, сауысқан ұясын қалдырып, балапандарын ертіп көрші тоғайға ұшып кетеді.
Балапандарына ұсақ шыбын мен басқа да шыбын-шіркейді қалай аулауды, ормандағы көлден қалай су ішуді көрсетеді. Бірақ балапандарының ештеңе істегісі келмейді. Қайтадан ұямызға барайық, — қыңқылдайды олар.
— Сенің кшкентай құрттарды әкеліп аузымызға тосатын кезің қандай жақсы еді. Уайым жоқ, қайғы жоқ, рахат қой. Балаларым менің… — дейді сауысқан тағы да.
— Сендер енді үлкен болдыңдар. Шешем мені тіпті кішкентай кезімде ұядан ұшырып жіберген еді…. Егер бізді садақпен атса қайтеміз? — дейді балапандары. Қорықпаңдар, — дейді сауысқан.
— Садақпен атпас бұрын адам ұзақ көздейді, епті құс мұндайда әрқашан ұшып кетуге сай тұрады. Солай ғой, әрине, — дейді балапандар.
— Егер адам бізді таспен атса не болады? Мұны кез келген бала жасай алады ғой, ол көздемей-ақ тасты лақтырып жіберуі мүмкін емес пе? Жерден тасты алу үшін адам еңкейеді, — дейді сауысқан.
Егер адам тасты қойнына тығып әкелсе ше? — дейді балапандар
Адамның тасты қойнына тығып әкелуі мүмкін екендігіне өз ойымен жеткен құс өлімнен құтылудың да айласын табады, — деп сауысқан сөйтіп балапандарын тастап, аулаққа ұшып кеткен екен.