Ғылыми жоба: «Ерлік ешқашан ұмытылмайды»
Қызылорда қаласындағы
Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп-гимназыясының оқушысы
Дайрабай Абылайхан Бексұлтанұлы
Сынып: 8 “А”
Ғылыми жетекшісі: Мыңжасов Нұрлыбек – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университет оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты
Кеңесшісі: Смайлов Жақсылық - ардагер
Жетекшісі: №9 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Жарекеева Айгүл Танабайқызы
Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”
Ғылыми жоба мақсаты:
Ұлы Отан соғысының майдангері Смайлов Дайрабайдың
өмірін, еңбек жолын зерттеу.
Кіріспе
Менің ғылыми жобамның аты «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» деп аталады.Бұл ғылыми жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым - қазақ халқының басына қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Сол Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында менің атам Смайлов Дайрабай да бар.Ол кісінің жүріп өткен өмір жолын зерттеп,осы ғылыми жұмысыма арқау етпекпін.
Мен есімді білгелі көп кісілерден сұрапыл соғыс қиындықтары мен ондағы жанкешті ұлдардың ерліктері жайлы айтатын әңгімелері қызықтыра бастады.Атамның көзін көрген қариялар атам жайында айтып мені өздеріне еріксіз баурайтын.Осыдан кейін өзім атамның құжаттары мен естеліктеріне қанығып, танысы бастадым.Үлкен кісілерден атам жайында білген қағазға түсіруге қызығушылықпен сұрай бастадым.Соғысқа барғаны мен елге аман-есен оралғаны жайында кеңірек білуге тырыстым.Ғылыми жұмысты ел арасында ерлігімен көзге түсіп,халық әлі тани қоймаған ерлерді танытуды алдыма міндет етіп қойдым.
Смайлов Дайрабай
1921 жылы Сырдария губерниясының Қазалы уезі, Көшербай болысында (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Көмекбай ауылы) дүниеге келген
Бабамның ата қонысы жайлы
Бізге жеткен ауызекі деректер,атап айтқанда атам Жақсылықтың аузыннан естігендерім бойынша менің бабаларымның ежелден ата қонысы Сырдарияның батыс ағысынан сағасын алып Қызылқұмды жиектей өтіп Арал теңізіне құятын қос өзен – Жаңадария мен Қуаңдарияның киімнің жағасындай, ну тоғай сексеуіл мен жыңғыл өскен екі жағалауы екен. Қазіргі Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы Совет Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы ауыл. Аталарымыз қысы – жазы киіз үйде өмір сүргендіктен , қыста дария бойында болса , күн жылы , яғни көктем түсе арқаға қарай «Қарақұм», «Баршақұм», «Жеркіндік», «Ешкі қырылған» деген жер атауын иемденген жұмыр жердің жаннаты болған мал өсіруге өте қолайлы өңірлерде қоныс еткен. Иен даланы Ақтөбе облысының шекарасына дейін жиектей көшіп күздің қоңыр салқыны түсе Сыр бойына келіп құлайды екен . Содан әрі қарай Қызылқұмның терең қойнауына еніп небір дүлей дауыл мен бұрқасыннан мал – жанын аман сақтай білген. Жаңадария мен Қуаңдарияның суы өте мол болса керек , кейде арнасыннан асып жайылып ағатында кездері болған. Тіршіліктің негізгі көзі мал өнімдерімен қоса балық аулаумен де айналысып , оны қосымша тіршілік көзіне айналдыра білген.
Сазан балықтың ұзындығы кісі бойына дейін жеткен деседі . Аталарымыз сауда – саттықпен де мықтап айналысқан . Оңтүстік күн батысында қарақалпақ елімен қарым – қатынаста болған. Нүкіс , Тамды, Тақтакөпір сияқты қалаларынан кіре тартқан . Солтүстік батыснда Ақтөбе қаласы арқылы , тіпті сонау Ресей елінің Орынбор қаласына дейін барып сауда жасаған.
Атақты жырау ,Сыздық төренің сардары болған Балқы Базар Қызылқұмда «Сырлы там» деген жерде дүниеге келген .( 1841-1911ж.ж) Қуаңдарияның Қазалы ауданының жері өтетін шекарада «Қарақ» деген тау бар . Сол таудың батыс беті Қазалы ауданы . Сол «Қарақ» тауының Ұшар басында Шөмекей тайпасынан тарайтын Келдібай аталығының тармағы Сарықасқа Жәрімбет Әулие жатыр. Қазіргі «Көмекбаев» ауылы тұрған жер бұрын «Аша» деп аталған.Ертеректе бабаларымыз ру-руға , оның ішінде аталыққа бөлініп бөлек-бөлек ауыл болып отырған. Арақашықтықтары ит дауысы естілетіндей ғана болған деседі. Қуаңдария арнасын батысқа қарай бойлай орналасқан аумағы әжептеуір қорымдар баршылық . Кіші жүздегі Шөмекей руларымен басқа да қазақ тайпалары қоныстас болған . Оған дәлел ретінде айтарым Қарасақал Ерімбет ақын , қарасақал шағырай Бейбіт батырлардың қорымы мен қоса Қожа Сейтпенбет , Шаханай әулиелердің бейіті қаз қалпында сақталған. Жылдар өте халық жиналып белгілі елді мекендер пайда болғаннан кейін , ел азаматтары сол өңірдегі ескі қорымдарды өз қамқорлықтарына алып, қорымдарды қоршап , басына адам түнейтін үй салып тосек-орын , ыдыс-аяқ , қазан-ошақ сияқты мүліктер қойған. Өткен ғасырларда Патшалы Ресейдің , орыс империясының саясатына қарсы шығып , өзінің қарсылығымен қоса елді де қарсы тұруға шақырып қол бастаған білімді , қайсар ержүрек азаматтарда аз болмаған . Оған дәлел: Ақмырза , ахун , Хамза Жомартов , Тоғанас батыр сияқты әлі ізерттеусіз жатырған аяулы тұлғалар баршылық.
Тағы бір айта кететін , осы аты аталған батырларымызға қан майданның ошағы болған жер « Қанды арал» деп аталады. Көмекбаев ауылынан батысқа қарай 5 шақырым жерде бірнеше шақырымға созылып жатыр . Кәдімгі соғыс туралы түсірілген киноларда көріп жүрген арнайы қазылған «Окоп» тәрізді, бірақ дарияның арнасынана көп ұқсастығы бар . 964 жылы Кеңес үкіметінің қаулысымен Қызылқұм өңірін игеріп малшаруашылығын өркендету туралы қаулысын орындау мақсатында совхоздар ұйымдастырылған. Соның бірі Жағақала совхозы еді.
Алғашқы жылдары ауыл тұрғындары жекеменшігіндегі малдарын өріске айдап жүріп сол «Қандыарал» сайынан бірнеше адам сүйектерін тауып алып , ауыл молдасының қатысуымен ақ шүберекке салып қорымға әкеліп жерлеген екен. Бұл да болса өткен күндердің тарихынпн сыр шертері анық . Менің айтарым менің бабаларым өмір сүрген өңірде ашылмаған тарих беттері талай құпияны қойнына бүгіп жатыр , сондықтан оны егжей – тегжей ізерттеу керек – ақ демекпін.
1929-39 жж Қазалы «Детдомында» оқып, тәрбиеленген.
1939-40 жж Қармақшы Каганович колхозында бухгалтер
1941-44 жж Ұлы отан соғысына қатысқан уақыт.
1944-45 жж Қарағанды шахтада десятник
1945-48 жж Қармақшы Каганович колхозында бухгалтер
1948-50 жж Қармақшы каганович колхозында председатель
1950-51 жж Қармақшы зоотехникалық 1 жылдық курсқа қатысқан.
1950-58 жж Қармақшы Ленин атындағы колхозда қой фермасының
меңгерушісі
1958-71 жж Қармақшы Ленин атындағы колхозда совхозда орталық қойма меңгерушісі
1971-82 жж Қармақшы Жаңақала совхозында ферма меңгерушісі болып қызметтер атқарған.
Қармақшы ауданында
Ленин атындағы колхоздың №1 қой фермасын басқарып жүрген жылдарын да малшаруашылығының барлық көрсеткіштері бойынша жоспарын асыра орындаған , сол кездегі саясат пен идеологияның тәртібі бойынша жеңімпаздарды орден , медальға ұсынып , кейбірін Москва қаласындағы ауылшаруашылығы көрмесін аралауға жіберетен болған. Атама Москва қаласына бару бұйырған . Бұл 1956 жыл екен.
Атам Смайлов Дайрабай сол Қазалы балалар үйінде совет Одағының халық әртісі Роза Бағлановамен бір паратада отырып 7-сыныпты бірге бітірген. Айтулары бойынша Тәжібайқызы өте керемет әнші болып, оны Ташкент қаласына алып кеткен дейді. Екеуі өте тату, дос болса керек. Кейінірек РозаТәжібайқызы өнер сапарымен де, шақырумен де Қармақшы ауданында болып, атаммен кездесіп қызу әңгімелесіпті. Олардың қарым-қатынасы туралы өз атам Жақсылық Дайрабайұлының аузынан талай естідім. Бұл да болса атам өмірінің жарқын беттері деп білемін.