Ғылыми жұмыс: Қазақтың ою-өрнектері. Сырмақ өнері

Oinet.kz 26-01-2020 3043

Ғылыми жұмыс: Қазақтың  ою-өрнектері. Сырмақ  өнері
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
С. Сейфуллин атындағы
Бурабай орта мектебі

Алданазарова Кунслу. 4-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Имаканова Рабига Сарсенбековна.
Бастауыш сынып мұғалімі.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Қазақтың ою-өрнектері. Сырмақ өнері.»

Аңдатпа

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.
Ғылыми жобаның гипотезасы: Сырмақтың қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою-өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту.
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:
1. Сырмақтың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.
2. Сырмақтың түрлерімен танысу.
3. Жинаған әдебиеттерді талдау.
4. Оюлы сырмақтың сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.
5. Көненің көзін көрген қариялармен, мектеп оқушыларымен сұхбаттасу арқылы сырылған төсеніштер жайлы мәлімет алу.
6. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
Тақырыпты ашу барысында қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы:
Қазіргі заманғы ою-өрнектермен безендірілген төсеніштерді орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдік. Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:
Тақырып негізінде жинақталған материалдар келешек күнделікті өмірімізде пайдалануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдаланудың зор мәні болады.
Кіріспе.
Менің қазіргі зерттеп жүрген ғылыми жұмысымның негізі – сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ұлттық өнерін күнделікті тұрмыста қолданған бұйымдарын қайта жаңғыртып дамыту, соның ішінде қазақтың ою-өрнектері соның ішінде халқымыздың дәстүрлі қолөнері сырмақшылық жөнінде жақынырақ таныту болып табылады.
Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, үнемі мал жайылымына байланысты көшіп қонып жүрген. Олардың баспанасы – киіз үйлер көшіп қонуға ыңғайлы, тез жиылып, тез тігілетін болған. Киіз үйдің жабдықтары қойдың жүнінен жасалған. Негізгі көліктері түйе және жылқы болғандықтан, оларды ерекше бағалап, сәндеп әбзелдеген. Олар түйеге үйлерін артып, аттарына мініп, кішкентай балаларды қомдаған түйелерге отырғызып алып жүрген. Көш келе жатқанда жолдағы ауылдар сәнді киініп, торсыққа қымыз, іркіт, айран т. б. сусындарын көштің алдынан шығып сусындатыпболған. Көшіп келе жатқан адамдарға «Көш байсалды болсын!» деп жақсы тілек айтады.
Сырмақ – халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақты мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардағы күллі қазақ шаңырағы дәстүрлі жиһаз ретінде күні бүгінге дейін жасап, пайдаланып отыр. Сондықтан қазақтың ою-өрнектері, соның ішінде қазақ сырмақшылығының қыры мен сырын, кешегісі мен бүгінін кемеліне келтіріп жазуға тырыстым.

Мазмұны:

Кіріспе.........................................................................................5
1. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы.........................................6
2. Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқалары мен атаулары........8-10
3.Сырмақшылық жөнінде........................................................10-11
4.Сырмақ түрлері.....................................................................12-14
5. Сырмақ қалай жасалады.....................................................15
6.Оюлы сырмақтың құрылысы және материалы..................15-19
Қорытынды............................................................................19
Қолданылған әдебиеттер........................................................20
Қосымшалар.............................................................................21-24

1. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы.
Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті – біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал біздің заманымыздан бұрын VIII-III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біразы геометриялық ою-өрнекпен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Қиқымнан және «лотос қауызы» тәріздес етіп жасалған өрнектер ( ІІІ –ІІ ғ.ғ.) Теңлік қорғанынан табылған. Әдетте, өрнек ыдыстың мойнына, иініне немесе түбіне жақын жерге салынған. Құмыраға тең бүйірлі шимақталған үшбұрыштар, сынық сызықтар, ойық үшбұрыштар немесе ою-өрнек салу қола дәуірінде кең тараған. Талдықорғаннан 1960 жылдары Х. Арғынбаев тапқан қазанда «Ұлу» өрнегі бейнеленген. Бұл өрнектің элементі көптеген тайпалардың нышан таңбасы ретінде бейнеленіп келген. Ал ол Орта ғасырларда сәулет өнерінде кең қолдана бастады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы (XVIII-XIX ғ.ғ.) құлпытастарда көп бейнеленеді. Қола дәуірінде шеберлер көбінесе тұрмыс-тіршілікте қолданатын заттарға космогониялы, геометриялық және жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың реалдық және мифтік суретін бейнелеген. Ал сазбалшықтан жасаған құмыраларды геометриялық ою-өрнектермен әрлеген.

Дымқыл жылулық өңдеу. Бұйымды әзірлеген кезде дымқыл жылулықпен өңдеу маңызды орын алады. Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда бұйымды тігу барысында да, сондай-ақ оны ақырғы өңдеу кезінде де дымқыл жылулық өңдеудің орындалу сапасына байланысты.
Дымқыл жылулық өңдеу, негізінен мына мақсаттарда қолданылады:
- Бұйым бөлшектеріне көлемді, ауқымды пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу;
- Ақырғы өңдеу;
- Бөлшектерді желіммен қосу;
Электр үтігімен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі.
1. Аяқ астына резеңке кілемше төсеп қою.
2. Жылумен жұмыс істейтін үтікке тек оны токтан суырғаннан кейін ғана су құюға болады.
3. Жұмыс кезінде басымның оралып қалмауын қадағалау керек.
Қорытынды.
Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылыдылық,зеректік, көңіл-күйдің жақсылығы, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, көңілді ашады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қайта жаңғырған қолөнерімізде ұлт мүддесіне негізделген серпіліс, мақсатты бетбұрыс байқалады.
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізге өзіне лайықты орын алған бұл өнер саласына өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті тұрмыс тіршілігіміздің ажарын ашатын рухани құндылық ретінде қарауымыз керек. Ол сонау ғасырлар қойнауынан жеткен жай таңба-белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы. Ендігі міндет сол тарихты өзі оқи алатын, өзгені де оқыта алатын ұрпақты, қас шебер мамандарды даярлау, сөйтіп өнердің өрісін кеңейту. Ою-өрнек – халқымыздың қол таңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды. Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы, шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға , студент жастарға қолөнер сабағына дайындалуға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретіндеөтсе,жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді. Сол арқылы жастарға жұмыс, өнерге қамқорлық, тұтынушыға өнер туындылары ұсынылар еді. Халқымыз ата-баба дәстүріне, салтына, мәдени мұраға адалдықпен қараған. Осындай бабалар мұрасын қастерлеп сақтау, мәдени мұрамызды дамыту, Егемен еліміздің әрбір азаматының басты мұрат-мақсаты екені анық.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматыкітап 2004 ж.
2. Сырмақ өнері. Алматыкітап 2007 ж.
3. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. Алматыкітап 2003 ж.
4. Қазақтың ою-өрнектері. Бірінші кітап. Алматы. Өнер 2006 ж.
5. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясыАлматы, 1989 ж.

Қосымшалар.
Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдары
1). Ағаштан жасалған бұйымдар.
2). Зергерлік бұйымдар.
3). Жүннен жасалған бұйымдар.
4). Қазақ ою-өрнектерінің көне атаулары.
5). Кілемнің ортасына салынатын ою-лар.
6). Ою-өрнектің өрбу тарихы.
7). Көнетүркі түсінігінше.

Ғылыми жоба: «Ерлік ешқашан ұмытылмайды»
Ашық сабақ. Психология. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу