Ашық сабақ. Бала-бақша. Тәртіптілік

Oinet.kz 26-01-2020 744

2.Әңгіме:

Ертеде бір адамның екі баласы болыпты. Екеуі де ақылды,әрі әдемі екен. Оқуды бітірген соң олардың әкесі балаларды қалаға іс үйренуге жібереді.

Екі бала бір шеберге қамыт жасауға көмекші болады. Біреуі қараңғыға дейін шеберханада болып, ал екіншісі ерте кетіп көп қыдырады екен. Бірақ екеуінің де жасаған қамыттары адам қызыққандай әдемі болып шығады.

Бір күні екіншісі біріншісіне:

«Немене,кешке дейін боласың ба,жүр көңіл көтеріп қыдырып қайтайық»,-дейді.

Жоқ барғым келмейді.Көп қыдырғаннан пайда жоқ.

Осылайша екеуі ұрсысып қалады.Сонымен көп жыл өтеді.Екі жігіт кездесіп қалады.

Біреуі аты шыққан шебер болса,екіншісі аты шаққан маскүнем екен.

-Балалар,айтыңдаршы, кім мұнда дұрыс емес?

3.Ойын:”Түспен ажырату”

Ойынның мақсаты: Адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды-жағымсыз жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші балаларға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді бояуларын ұсынады.

Соңында әр баладан қалаған түстері туралы сұрап,әңгімелесу.

 

3.Нақыл сөз жаттау.

а)”Өмір –теңіз, жүзем онда демеңіз,

     Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз”

                                                   Абдуалла Рудани

Сөздік: Ізгілік

Тексеру тестісі: “Жеңіске қадам”

-Мына адамды тәртіпті деп атауға болама?

-Өз міндетін атқарады.

-Күн тәртібін сақтайды.

-Ешкіммен санаспай,өзіне ұнағанын жасайды.

-Тәрбиеші барда ғана өзін жақсы ұстайды.

-Балабақша ережесін сақтайды.

Үйге тапсырма:Өз күн тәртібіңді құрап кел.


Ашық сабақ. Бала-бақша. Ғарыш әлеміне саяхат
Ашық сабақ. Тарих. Қазақтың алғашқы ордасы-Сығанақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу