Ашық сабақ. Бала-бақша. Математикалық дамыту

Oinet.kz 26-01-2020 1535

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ  ДАМЫТУ»

 БӨЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДЫҒЫ

                    

                                     №5 «Нұрбөбек» б\б  тәрбиешісі КМҚК

                                                         Абдрахманова А.Х

 

Бүгінгі басты міндетіміз-білім сапасы десек, оны арттырудың тиімді жолы –білім беру жүйесінді түрлі ақпараттық  технологияларды қолдану. Қазіргі балалардың ертеңі- бұл ақпараттық қоғам. Сондықтан бала ақпараттық қоғамда өмір сүру үшін психологиялық тұрғыдан дайын болу керек. Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.

Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына,шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашады. Жаңашыл  әдістерді қолдану нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бала өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады. Ойын баланың ой- өрісін кеңейтеді,қызығушылығын арттырады, шығармашылығын дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту. Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға  берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш)  және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай  алады.

Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогқа байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы:ертегінің мазмұнын ашу барысында «Дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ, онда  Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан -жақты дамуы үшін негізін жасау. Басты мақсаты- баланы оқыта отырып жан -жақты дамыту.

Венн диаграммасы.  Бір -біріне жуықтау термин сөздерді, ұқсастығы мен айырмашлығын талдау. (ересектер, мектепалды даярлық топта қолданады) 

Тірек сызбасы деген тарауыда тақтаға іліп талдау жасау арқылы балаларды ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Өткен тақырыптарды бүкіл балаға түсінікті болуы, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, уақытын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шығармашылық ізденіс, оқу-тәрбие процесін оптималдандыру нәтижесінде қол жеткізуге болады. Бала білімінің тиянақты да сапалы болуы сабақтың шебер ұйымдастырылуына байланысты.

Кубизм әдісі - текшенің алты қыры арқылы термин сөзді талдау, кубиктегі бейнеленген  суретке қарап, өз ойларын жеткізу.

Мен балалардың жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,  интегралды оқу іс- әрекеттер өткізу өте тиімді әдіс деп санаймын. Олай дейтініміз, оның ерекшелігі сабақтардың бір -бірімен байланыстылығында. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.    

Математика сабағында баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек:

-  берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек ;

-  есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;

-  балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.

Осы  айтылған әдіс- тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес.Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет.  Ең алдымен осы уақыт ішінде технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсам:

1. Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

2. Баланың жеке қабілеті айқындалады.

3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысады.

4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабілеті артады.

5. Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

6. Бір сабақта есептің әр түрін шығарады.

Осындай жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін тәрбиешінің балаға берер әсері болу керек. Мысалы: балаға сенім қалыптастыру үшін  «сен білесің», «сенің қолыңнан келеді»,  « үйренесің» деген сөздер қажет.  Баланың өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.

Оқу іс - әрекетті түрлендіріп өткізуде пайдаланатын технологияларды пайдаланамын.   Басқа сабақтармен ұштастыру математика пәнін жапсыру, сурет, дене тәрбиесі,тіл дамыту пәндерімен байланыстыра өткізсе, тәрбиешінің балаларға және білім беру еңбегі нәтижелі болар еді.

Мысалы: дене тәрбиесі пәнін алсақ,математика сабағы арқылы тепе- теңдікті сақтайды, оңға, солға бұрылу, тақтай бөрене үстімен жүру, жүгіру, бәрі есеппен жүргізіледі. Тек қана математика сабағында емес, тіл дамыту,көркем әдебиет сабақтарында да санамақ, тақпақ, жаңылтпаштар пайдаланамын.

Жарыс-сайыс сабақтарды пайдалана отырып,түрлі ойындар өткізу балалардың ақыл -ой еңбегін ерекше қажет етеді. Математика сабақтарында балаларды екі топқа бөліп, жарыс -сайыс сабақтар өткіземін. Әр топқа ат қою.Әр топ  ұпай жинаған сайын балаларға жұлдызшалар беру.  Балалармен «Кім тапқыр», «Ойланғын, таппай қоймағын» сабақтары жарыс түрінде өтілді. Бұл  сабаққа ата -аналарды да қатыстыруға болады. Мұндағы көздеген мақсатым: баланы оқытуда және тәрбиелеуде ата -аналардың шет қалмауын қамтамасыз ету.

Математикадан ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіндегі көрнекілік қолдану кезеңінде мынадай қағидалар басты назарда болады:

  1.      Көрнекілікті көрсетер алдында мақсатын нақты айқындау ;

  2.      Көрнекілік оқытудың өзге де құралдарымен қоса пайдалану ;

  3.      Көрнекіліктің барлық балаға түгел жақсы көрінуі;

  4.      Көрнекілікті сабақтың тек қажетті кезеңінде қолдану.

Осы ережелерді сақтай отырып,сабақтарымда көрнекілік пайдаланамын. Мысалы: суретпен жұмыс, сөзжұмбақтар, т.б. көрнекіліктерді қолданып отырамын.

Баланың логикалық танымдық қызметін арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде қолданысын ашып беру болып табылады. Егер бала берілген материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір іс-әрекетті өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады. Бала бойында логикалық танымдық қызығушылықты арттыру үшін мына мәселелерді есте сақтау керек:

1. Алдын-ала дұрыс мәлімет беру.

2. Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

3. Баланы психологиялық тұрғыда дайындау.

4. Тәрбиешінің пәнге дұрыс көзқарас.

Қорытындылай келе:  әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, ұстаз парызы.

Қай оқу іс-әрекетте болсын балаларды танымдық, шығармашылық дамыта оқыту олардың қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі.

Қорыта келе: күн әлемді жарықпен жылумен нұрландырса, өз еліміздің мәртебесінің биіктеуіне біздің жас ұрпағымыз өз үлесін қосамын деп сенемін.

 

 

Әдебиеттер:

1. «Отбасы  және балабақша»  журналы - №з 2015

2. Қарапайым математикалық түсініктерді қолдану-Алматыкітап баспасы, 2008

 



Ашық сабақ. Балабақша. Ертегілер еліне саяхат
Ашық сабақ. Бала-бақша. Математика әлеміне саяхат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу