Ашық сабақ. Математика. Шеңбер. Екі шеңбердің өз ара орналасуы
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті
О. Жұмабеков атындағы ЖОББ тірек мектебі (РО)
Жоғары санатты математика пәні мұғалімі
Базарбаева Ақтоқты Мейримханқызы.
Пәні: Геометрия
Пән мұғалімі: БазарбаеваА.
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Екі шеңбердің өз ара орналасуы.
Мақсаты:Геометрия пәні бойынша алған білімдерін нақтылау, сын тұрғысынан ойлана білуге жұмыс жасау, алған білімдері бойынша өз ойларын ортаға сала білуге, бірлесіп берілген тапсыр маларды орындауға қалыптасуын дамыту. Шеңбер және дөңгелектің анықтамасы мен олардың радиусы, диаметрі, хордасы туралы ұғымдарды білуге, екі шеңбер мен түзудің орналасу жағдайларын меңгеріп, есеп жаттығулар орындау дағдыларын қалыптасуға жағдай жасау.
Міндеттері: Анықтамалар мен ережелерге сүйеніп есептерді тез шешуге, ойлана білуге дағдылану
Қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Басқару және көшбасшылық»
Стратегиялар: «Ыстық алақан", «Миға шабуыл», ДЖИГСО-1 +/- қызықты
Сабақ кезеңдері | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекет | Бағалау | Ресурстар |
Кіріспе Ұйымдастыру 1-2 минут
10 минут
3 минут
| «Ыстық алақан» стратегиясы Психологиялық ахуал туғызу Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
Топ атауын анықтау. Топ тапсырмаларын анықтау.
«Миға шабуыл» стратегиясы Мақсаты:Ой қозғау. Есептерді шеше отырып мағынаны ашу. Мақсаты: өткен білімді еске түсірту, шолу жасау, жаңа тақырыпқа қызығушылықтарын ояту.
Рефлексия
| Сәлемдесу.
Оқушылар әрбір сөйлемдерді слайдтан кезектесіп оқып шығуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру.
I топ “Геометрияның алғашқы ұғымдары” II топ “Үшбұрыштар әлемінде” III топ “ Мақтаншақ үшбұрыштар” IV топ “Тік бұрышты үшбұрыш”
1.Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 4 см , 5 см, 7 см . Үшбұрыштың периметрін есептеңдер. 2.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 21 см. Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын табыңдар. 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 25 см. Бір бүйір қабырғасы 7 см. Үшбұрыштың табанын табыңдар . Шыққан сандарды қосып, дұрыс жауапты таңдаңдар . А) 56 Б) 73 С) 34 Д) 98
| Сәлемдеседі.
Алма кезек оқиды.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. І топ Кір жаю. ІІ топ Көрмеге саяхат. ІІІ топ Ертегі жазу. IV топ Эссе жазу
Қай топ бірінші болып дұрыс жауап таңдайды сол топ бүгінгі сабақтың мағынасын ашады. «Геометрияны білмейтіндер бұл академияның есігін ашпай ақ қойсын!» мағынасымен танысады. |
Топтың бірін -бірі бағалауы.
Ауызша мадақтау «Жарайсыңдар!»
|
Слайд бетіндегі мәтіндер.
Маркер, стикер,топ атаулары жазылған А4 қағазы.
Слайд бетіндегі мәлімет. |
Тұсаукесер
5минут
2 минут
| Негізгі бөлім«Қайталау білім анасы»
Мақсаты:Ой қозғау .Өткен тақырыптарды қайталау және жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық жасау.
«Шашылған ережелерді жинақта»
. Мақсаты: Шеңбер тақырыбына деген қызығушылықтарын ояту.
Рефлексия Мақсаты: Оқушылар әр топтың тапсырмаларына баға береді. | Үшбұрыштың түлері мен оладың ішкі бұрыштарын анықтауға арналған жаттығулар мен тест тапсырмаларын талдау.
Кері байланыс жасатады. | Жеке оқушылар ауызша жауап береді.
. Оқушылар түсінбегенін бір-бірімен толықтырып, ой бөліседі.
| Жеке оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.
«2 жұлдыз,1 тілек»
|
Маркерлер, флипчарттар, қалам, интерактивті тақта,A4 қағазға жазылған үлкен қаріптер. ,
|
Негізгі бөлім 3 минут
5 минут
5 минут
5 минут
5 минут
|
Шеңбердің центрін, радиусын, диаметрін, хордасын атаңдар.
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау.
Екі шеңбердің өзара орналасуы. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. . Мақсаты: өткен білімді еске түсірту, шеңбер
тақырыбына деген қызығушылықтарын ояту.
«Сахналау» стратегиясы Мақсаты: Есептерді шығаруда өздігінен бірін – бірі оқыту.
Сергіту сәті «Көңілді күн!»
«Сахналау» стратегиясы Мақсаты: Есептерді шығаруда өздігінен бірін – бірі оқыту, дұрыс жауаптарды анықтай отырып қосымша ЭКСПО жайлы қызықты мәліметтер алады.
«Тарихи мәлімет» Мақсаты: оқушылар дөңгелек, диаметр, хорда және радиус туралы, олардың қазақтың ұлттық өнеріндегі ерекше орыны туралы мәлімет алады.
| ! Есте сақта R – радиус D – диаметр D =2R
Шеңбер мен түзудің --екі ортақ нүктесі - бір ортақ нүктесі немесе - ортақ нүктелері мүлде болмауы мүмкін. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды. Егер екі шеңбердің ортақ жанамасы және ортақ жанасу нүктесі бар болса, онда бұл шеңберлерді бір-бірімен жанасады деп атайды. Егер шеңберлердің центрлері ортақ жанаманың бір жағында жатса, онда бұл шеңберлерді іштей жанасады деп аталады.
Электрондық оқулықтағы есептерді шығару №1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе? Шеңбердің диаметрінің ұзындығын табыңдар. Радиусын және диаметрін түрлі түсті қарындашпен сызып көрсетіңдер. №2. Центрі С нүктесі және диаметрі АВ = 8 см болатын шеңбер сызыңдар. Радиусын және диаметрін түрлі түсті қарындашпен сызып көрсет. Радиусының ұзындығы қанша ? №3. Екі шеңбер бір бірімен сырттай жанасады. Үлкен шеңбердің радиусы 10 см. Ал кіші шеңбердікі 6 см. Шеңберлер центрлерінің арақашықтығын табыңдар. №4. Радиустары 4 см жане 8 см, центрлері ортақ екі шеңбер сызыңдар. Қай шеңбер ішкі жағында орналасады?
Бейнекөріністі қайталап жаттығулар жасауға жағдай жасау
1 )АВС үшбұрышында ВС =18 см, ал В бұрышының сыртқы бұрышы 1500 тең. АВ -ге жүргізілген биіктікті табыңыз. 6 см 9 см 5 см 4 см 2). АВС үшбұрышында ВД медиана жүргізілген .ВД = 2 см.ВД медиана АС қабырғасының жартысына тең. АВ = 3 см. ВС қабырғасы АВ дан 1 см ұзын. АВС үшбұрышының периметрін тап. 12см 10см 11см 13см 3)АВС тең бүйірлі үшбұрышының ВК биіктігін сал. ВК =6 см. АВ қабырғасы ВК кесіндісінен 1 см ұзын , ал АК кесіндісі ВК дан 1 см қысқа. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар. 24 см 25 см 26 см 27 см 4)АВС үшбұрышының АД және ВК биссектрисалары О нүктесінде қиылысады. Егер А бұрышы 60 градус, ал В бұрышы 70 градусқа тең болса , онда АОВ бұрышының градустық шамасы неге тең? 114 112 113 115 “Дөңгелек” ұғымы алғаш рет ежелгі гректерде қалыптасқан. “Диаметр” грек тілінен аударғанда “көлденеңдік” дегенді білдіреді. Үнділер мен вавилондықтар дөңгелектің ең негізгі элементі радиус деп есептеді. Радиус латынның radius – доңғалақтың сым шабағы сөзінен алынған. Қазақтың тұрмыс тіршілігінде де шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелер кеңінен орын алған. Олар: түрлі әшекейлік бұйымдар және киіз үй. Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, керегелері доға пішіндес болғандықтан, шеңбер жасайды. Киіз үй – шеңбер мен дөңгелектерден тұратын қазақтың ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін құрылыс.
«Жарайсыңдар !» түрлі‑түсті үлкен әріптермен жазып шығу
Шеңбер. Екі шеңбердің өзара орналасуы тақырыбы бойынша алған білімдерін бағалау.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімнің түсіндірмесін оқушылар тыңдап, ой бөліседі.Ой елегінен өткізіп, шығармашыл іс-әрекет арқылы түсіне алады.
Постер қорғайды.
‑Оқушылар дұрыс жауаптар үшін «бонус» жинайды.
Денелерін шынықтырады, сергиді.
Постер қорғайды.
Әр топ өз есебін топта өз беттерімен орындау және өз тобындағы оқушылар тапсырмалары мен алмасып, жауабын салыстыру.Дұрыс жауап үшін құнды мәліметтер алады.
Оқушылар тарихи мәліметтер ала отырып тұрмыста кездесетін жағдайлармен байланыстырады. |
Өзін-өзі бағалау, басқа топтардың бағалауы
бірін бірі бағалауы. Өзін-өзі бағалау, басқа топтардың бірін бірі бағалауы
Өзін-өзі бағалау, басқа топтардың бағалауы.
| Интерактивті тақтадан слайд
Түрлі түсті үлкен әріптер
Маркерлер, флипчарттар, қалам, интерактивті тақта,A4 қағазға жазылған үлкен қаріптер. ,
Маркерлер, флипчарттар, қалам, интерактивті тақта,A4 қағазға жазылған үлкен қаріптер. , Слайдта ЭКСПО суреттері
Слайд бойынша қазақтың кигіз үйінің суреті. |
Қорытынды
1минут | Эссе жазу Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімін өз ойымен қағаз бетіне түсіру.
Рефлексия «БҮБ» стратегиясы Мақсаты: оқушылар өз ойларын білдіреді
Үйге тапсырма:
| Оқушылардың ШЕҢБЕР тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеп қағаз бетіне түсіру,есте сақтау қабілетіне назар аудару. Қазақтың ұшқыш – косманавты - Айдын Айымбетов туралы мәлімет бере отырып эссе жазған топқа ақ қағазды бүктеу арқылы ұшақ жасату, қанатына есімдерін, арман -тілектерін жазғызу және ұшыру. .
«Білім ағашына» рефлексиялар ілгізу ;
№ 343, 347
| Топта жұптық жұмыс жасау, тақырып бойынша білімдерін жинақтап көрсетеді. Әр топтан бір-бір оқушы шығып, қорытынды жасайды. Өзін-өзі және топ бір-бірін бағалайды. Сабақта қандай әдіс-тәсілдер ұнады және сабақ қалай өткендігі туралы кері байланыс жасайды.
| Өзін-өзі бағалау
Топтың бірін‑ бірі бағалауы (өзара бағалау)
Жиынтық баға | Стикерлер, кесте, А4 қағазы
«Білім ағашы»,стикерлер |